5В051300 – Әлемдік экономика

Шифр – оқу   бағдарламаның атауы:

6В04107 – Әлемдік экономика.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі, 4 жыл, 3 жыл;

сырттай, қашықтықтан 3 жыл, 2 жыл.

Берілетін дәреже:

6В04107 – Әлемдік экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бизнес  және  басқару

Кәсіби қызметінің нысандары:

ұлттық және шетелдік компаниялар; халықаралық қаржы ұйымдары мен банктер; сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын отандық кәсіпорындар; әртүрлі меншік түріндегі қызмет көрсету секторын ұйымдастыру; мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттейтін мемлекеттік органдар.

Кәсіби қызметінің пәні:

өнеркәсіптің немесе жеке кәсіпкерліктің нақты жағдайларында экономикалық процестерді дамыту бойынша жалпы, жеке және нақты экономикалық заңдардың көрінісі мен әрекеттерін, сондай-ақ оңтайлы шығындардағы ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін резервтерді анықтау шарттары мен факторларын зерттеу.

Кәсіби қызметінің түрлері:

кәсіпорынның экономикалық стратегиясын әзірлеу, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру, инвесторларды тарту, қаржылық талдау жүргізу, кәсіпорындарды экономикалық және техникалық бағалау, оларды сатып алу мақсатында сарапшылар мен кеңесшілердің қызметін жүргізу.

Практика базалары:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, ЖШС “Трансэнерго”, ТҰК “КАЗХРОМ”, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының әкімдігі, ЖШС “АртСтройКонсалтинг”, АҚ “Цеснабанк”, ЖШС “Дияр холдинг”, АҚ”Озенмунайгаз”,АҚ “КАЗАХИНСТРАХ, АҚ ЕБ «Сбербанк», АҚ «Каспий банк», АҚ «Forte bank», АҚ «Kassa Nova», Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҚМ, ЖШС “Арал Петролеум Кэпитал», ЖШС “Статус Проект” ЖШС “Арлан Техногрупп” ЖШС “Новоальжанский мелькомбинат”, АҚ «Жилстройсбербанк”.