Факультет басшылығы деканаттың бірінші on-line отырысын өткізді

31 наурыз күні экономика және құқық факультетінің деканы Таскарина Б.М. алғаш рет онлайн режимінде деканат отырысын өткізді.

Онлайн-отырысқа декан орынбасарлары Игильманова С.И., Шакеева Д.Т., кафедра меңгерушілері Курманалина А.А., Нурлин А.К., Ахметова Г.И. және кафедра меңгеушісінің орынбасары Мурсалова Л.А. қатысты.

Отырыс барысында факультеттің оқу процесіне, студентердің сабақ қатысымдарына және өндірістік тәжірибеге қатысты ағымдық сұрақтармен қатар, ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту процесін мен онлайн-сабақтарды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері де қарастырылды.