Студенттік клуб басшыларымен жиналыс өткізілді

Экономика және құқық факультетінің деканы Б.М.Таскаринаның Zoom платформасында тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Д.Т.Шакеева, студенттік сенатор Победа Қ. және клуб жетекшілерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қашықтықтан оқыту кезіндегі өткізіліп жатқан шаралар мен оқыту барысында туындаған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар белсенді студенттер өздерінің ұсыныстары мен жоспарлары туралы бөлісті.