5В050800 – Есеп және аудит

Шифр – оқу   бағдарламаның атауы:

6В04103 – Есеп және аудит.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2016 жылдың қараша айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5жылға сәтті өтті (Куәлік 26.12.2016 бастап 25.12.2021дейін жарамды, Тіркеу номірі №1187).

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл.

Сырттай: 3 жыл, 2жыл.

Берілетін дәреже:

6В04103 -Есеп және аудит бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бизнес  және  басқару

Кәсіби қызметінің нысандары:

6В04103-Есеп және аудит мамандығы бойынша оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне экономиканың түрлі салаларында және статистикалық органдарда ұйымдардың мүдделеріне активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар, өндірістен қаржылық нәтижелері, операциялық, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызмет, сондай-ақ басқа да құндылықтар болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

6В04103 -Есеп және аудит мамандығы бойынша:

  • Шаруашылық операцияларын тіркеу;
  • ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есептілікті дайындау;
  • АХС-на сәйкес қаржылық есептілікті талдау және аудит.

Кәсіби қызметінің түрлері:

6В04103-Есеп және аудит мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • есептік-жобалау;
  • білім беру (педагогикалық).

Практика базалары:

5В050800-Есеп және аудит мамандығы бойынша ЖШС «ALEKS – ASU», ЖШС «Oil Tools Servioes» Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқарамасы» ММ, «ORDA/N-Group» ЖШС Алматы қаласы, АҚ «Ақтөбе мұнай жабдықтау зауыты» Ақтөбе қаласы, ММ «Жаңаөзен қалалық тұрғын – үй коммуникалдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», ЖШС «АктобеНефтеХим» Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы бойынша «ҚазАгроҚаржы», ЖШС «Кен – Құрылыс – Сервис» Маңғыстау облысы, Жанаөзен қаласы.