Қонақ дәріс on-line режиминде өткізілді

2020 жылдың 9 сәуірде ZOOM бағдарламасы арқылы on-line режиминде «Агроөнеркәсіптік кешеннің және индустриялық-инновациялық қызметтің құқықтық негіздері» тақырыбында студенттерге «Шаруашылық құқық» пәні бойынша қонақ дәрісі өткізілді. Дәрісті з.ғ.к., Астана медициналық университеті ҰАҚ «Жобалық медициналық кеңсесінің» меңгерушісі Жуманова Майра Халеловна және «Құқықтану» кафедрасының доценты, экономика ғылымдарының кандидаты Құсайынова Л.И. өткізді. Нұр-Сұлтан қаласының жетекші ғалымының шақыруымен инновациялық әдіспен өткізілген дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.