5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Шифр – оқу   бағдарламаның атауы:

6В04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2016 жылдың қараша айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агентігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;

сырттай: 3 жыл; 2 жыл.

Берілетін дәреже:

6В04105- Мемлекеттік және жергілікті басқару оқу  бағдарлама  бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бизнес  және  басқару

Кәсіби қызметінің нысандары:

Қазақстан Республикасының Президентінің (ҚР) аппараты және әкімшілігі; ҚР Парламенті аппараты; ҚР үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономикалық және қаржылық басқару(министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары(аудан, қала, аудандар) және атқарушы органдары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б. болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Басқару, экономика, менеджмент, талдау индикативті және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, өңірлік кәсіпорындар деңгейде қаржылық-экономикалық шешім қабылдау және т.б. болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • Ұйымдастырушылық және технологиялық қызметі.
  • Өндірістік-басқарушылық қызмет.
  • Жобалық қызмет.
  • Ғылыми –зерттеу қызметі.
  • Білім беру немесе педагогикалық қызмет.

Практика базалары:

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» ММ; «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ; «Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ.