Қаланың жоғары оқу орындары арасында вебинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары аясында қаланың жоғары оқу орындары арасында вебинар өтті. Онлайн семинарды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Нурутдинова Айнур және Баишев университетінің «Құқық және жалпы білім беру» кафедрасының меңгерушісі қ.ғ.к. Сагиева Г.К. және аға оқытушы Куатбек Г.К. ұйымдастырды Іс-шараның мақсаты – болашақ юрист студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру контекстінде тұтастық идеологиясын қалыптастыру және насихаттау болып табылады.

Белсенді диалог барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы саласындағы соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Бұл онлайн семинар университеттер арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.