Экономика және құқық факультеті #БізБіргеміз акциясын өткізді

Экономика және құқық факультетінің студенттері Ахметов Асхат, Бекназаров Руслан, Жалғасбаев Еркебұлан «Қазақстан студенттерінің альянсы» студенттер қозғалысымен бірге мұқтаж жандарға қаражат жинау үшін «# Біз Біргеміз» қайырымдылық акциясын жариялады. Ерікті қайырымдылық сомасы 153 500 мың теңгені құрады. Осы сомаға белсенділер азық-түлік сатып алып, карантинге байланысты әлеуметтік қиындықтарға тап болған отбасыларға таратып берді. Карантин кезіндегі қозғалысқа барлық рұқсат құжаттар «Қазақстанның студенттер Альянсы» арқылы берілді.