Құрметті Асыл Смағұлқызы!

Факультет ұжымы мен «Құқықтану» кафедрасы Сізді мерейтойыңызбен құттықтайды!
Сіз биыл елге – ырыс, халыққа – береке аманаттайтын жасқа келдіңіз. Сонымен қатар, халыққа есеп беретін де, қоғамнан бағасын еститін де белгілі бір кезеңдік жас. Бұл белеске әркім арқалай жетеді.
Сізді бүгінгі 70 жас мерейтойыңызбен құттықтай отырып, басыңызға бақ, жаныңызға шаттық, деніңізге саулық, шаңырағыңызға шуақ тілейміз!