Факультет түлегімен кездесу

Университеттің 85-жылдығы қарсаңында 2020 жылдың 16 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 1999 жылғы түлегі “PetroRetail” (Нұрсұлтан қ.) компаниясының бас директоры Шотанов Тулемис Садыкович және «Экономика», «Менеджент», «Бизнес әкімшілік», «Әлемдік экономика» ББ студенттерімен ZOOM платформа арқылы «Экономика және менеджмент» кафедрасы кездесуі өткізді. Кездесу барысында, кездесу қонағы студенттермен өзінің сәттілік тарихы туралы бөлісті және де оларға қиындықтардан қорықпауға және өз ісін ашуға кеңес берді. Сонымен қатар ол университетті 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүкіл ұжымға және студенттер қауымдастығына сәттілік тіледі.