Кафедра филиалындағы тренинг

15 cәуір күні «Экономика және менеджмент» кафедрасы Қобда гимназиясындағы кафедра филиалының жоспарына сәйкес мектеп мұғалімдеріне арналған « Мектеп оқушыларына бизнес бағытында білім берудің технологиялары» деген тақырыпта онлайн –тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты кәсіпкерліктің әліппесін үйрету, бизнес идея қалыптасыру, оларды жүзеге асырудың әдістемесімен мектеп мұғалімдерімен бөлісу.
Тренингті кафедраның аға оқытушылары, экономика магистрлері Н.Сұлтамұратова мен С. Тасмаганбетова жүргізді. Тренинг барысында «Идеялар матрицасы» көмегімен жаттығулар жасалып, кәсіпкерлікке үйрету дағдылары үйретілді.
Тренерлер сонымен қатар «маркетинг» әдістерін қолдана отырып жаттығуларды қалай орындау керектігін көрсетті. Тренингке қатысушылар пайдалы білім мен дағдыларды игеріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.