Факультет кеңесі он-лайн режимінде өткізілді

16.04.2020ж. күні zoom платформасында Экономика және құқық факультеті кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Онлайн-отырысқа кеңес мүшелерімен қатар факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Отырыс барысында орта және кәсіптік білім беру орындарында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу шаралары, студенттер үлгерімінің ІІІ аралық бақылау нәтижелері, кафедралардың мемлекеттік емтихандарды өткізуге дайындығы, сондай-ақ «Ғылым апталығын» ұйымдастыру және өткізу қорытындылары және т.б. мәселелер талқыланды.