Тәрбие жұмысы талқыланды

2020 жылы сәуір айының 17-де Экономика және құқық факультетінде zoom платформасында «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» департаментінің жанынан бекітілген факультет кураторы, бас маман А.С.Кожбан қатысуымен кураторлық кеңес өтті. Жиында қашықтықтан оқыту режимінде тәрбие жұмысын жүргізу, сонымен қатар тақырыптық сабақтар өткізу бойынша кураторлар мен эдвайзерлердің жұмысын жандандыру мүмкіндіктері талқыланды.