Шетелде оқу тәжірибесі

17.04.2020 ж. Экономика және құқық факультетінің 2019-2020 оқу жылының 1 жартыжылдығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польшада, Түркияда, Ресейде оқыған студенттердің есеп беру презентациясы өтті. Студенттер өз сөздерінде олар оқыған университеттердің білім беру жүйесі, олар келген елдердің мәдениеті, бос уақытын қалай өткізгені, студенттер қатысқан іс-шаралар мен кездесулер туралы айтты.

Студенттер өздерінің алған әсерімен бөлісті. Есеп барысында студенттер университет пен факультет әкімшілігіне және халықаралық ынтымақтастық орталығының үйлестірушілеріне беделді шетелдік және ресейлік университеттерде оқуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.