Врач-инфекционистпен кездесу

2020ж. 30 сәуірде, «Құқықтану» кафедрасы аға оқытушы, магистр Сауытбаева С.Б. Ю-302 тобында «Салауатты өмір салты» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта жұқпалы аурулар дәрігері, М.Оспанов атындағы ЗҚМУ «Жұқпалы аурулар» кафедрасының ассистенті – Искакова А.Н. шақырылды. Шақырылған дәріскер салауатты өмір салтын ұстану, пандемия кезіндегі барлық алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы айтты. Студенттер шақырылған маманға вирустық аурулардың (коронавирус) алдын алу туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды