Факультетте облыстық семинар өтті

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне байланысты болашақ кадрларды даярлауда оқу орнымызға үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі. Осы міндеттерді орындауда мамыр айының 15-жұлдызында Экономика және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Студент мансабының дамуы: ЖОО-дағы белсенді формалары мен әдістері» атты онлайн облыстық семинар ZOOM платформасында ұйымдастырылды. Семинарға факультетіміздің бірнеше жылдан бері тығыз жұмыс жасап келе жатқан жұмыс берушілері, дуалды оқыту формасында сабақ жүргізіп жүрген тәжірибе мамандары шақыртылды: Мемлекеттік кірістер департаменті адам ресурстарын басқару және қызметкерлермен жұмыс бөлімінің басшысы- К.Т.Тампишева, Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бастығының орынбасары- А.А.Тасыбаева, Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы «HR-менеджерлері клубының» жетекшісі- М.С.Тулеубаева, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ АФ бас менеджері- Б.О.Даркулов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ АФ директор орынбасары –Б.А.Алпысбай, «Жилстройсбербанк» АҚ АФ директор орынбасары- Э.А.Ескендирова, «Технодом Corporation» ЖШС бас бухгалтері – Г.Р.Шибинтаева.

Семинар барысында жұмыс берушілер факультет түлектеріне қойылатын негізгі талаптар мен тілектерін жеткізді. Болашақ мамандардың жұмысқа орналасу кезінде кейбір қателіктері мен жетіспеушілік тұстары да атап өтілді.  Дуалды оқыту өз нәтижелерін бере бастағанын да атап өтуімізге болады. Оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған студент жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген және психологиялық жағынан да жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады.  Сонымен қатар, тәжірибе барысында өз ынтасын көрсете білген студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жоғары болатынын атап өтті. Семинар жұмысының нәтижесі болашақта жіберілген қателіктерді қайталамаумен, жұмыс берушілердің берген ұсынытарын ескере отырып тиімді жұмыс жасауға жол ашады.