Факкльтетте бинарлық дәріс сабағы өткізілді

2020 жыл қазан айының 7-і күні «Экономика және құқық» факультетінде «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты А.К. Курмановамен Ақтөбе облысының Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Кушкинбаева Айнұр Қуанышқалиқызымен  «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы» пәні бойынша бинарлық дәріс сабағы өткізілді. Дәріс онлайн түрінде «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенттеріне жүргізілді.  Айнұр Қуанышқалиқызы заңды тұлғаларды электронды тіркеу тәртібін түсіндірді. Заңды тұлғаны интернет желі арқылы тіркеуге өтініш беру кәсіпкерлердің қаражаты мен уақытын үнемдеуге тиімді. Сонымен қатар, электронды үкімет порталында электрондық цифрлік қолтаңба бар жағдайда заңды тұлғалар туралы ақпараттық анықтамалар ала алады. Қонақ заңды тұлғалғалардың бизнес жүргізу барысында мемлекеттік әділет органдарымен байланысының артықшылықтары туралы пікірталас өткізді.