Факультетте ашық сабақ өткізілді

Қазан айының 26 күні 2020 ж. ББ Құқықтану Қ.205, Қ.309 топ студенттері мен топ Кураторы Қалабаева Перизат Серғалиқызының ұйымдастыруымен «2020 – ВОЛОНТЕРЛАР жылы» 2021- БАЛАЛАР ЕҢБЕКТЕРІН ҚОРҒАУ жылы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Қазірге қоғамда болып жатқан мәслелерге Волонтерлар тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер, Волонтерларға байланысты қоғамның көзқарастары, қоғам оларды қазіргі кезде қалай қабылдап жатыр, Волонтерлық қозғалысты дамыту үшін қандай көмектер керектігі туралы екі топ арасында пікірталас болды. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда бұл үлкен жетістік. Осы сәттен бастап, «Ерікті болу – ерлікпен тең» – деп бос уақытын тиімді пайдаланып, жобаларды жүзеге асырып жүру үлкен тәжірибе екендігіне студенттеріміз өз үлестерін қосып жүруді жөн көрді.