Факультетте семинар өтті

2020 жылдың 29 қазан күні  «Экономика және менеджмент» кафедрасында семинар    өткізілді.  Семинарға проректор Б.С. Абенова, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Қ. Мұқашев,  департамент бас маманы М.С. Сабирова, «Менеджмент» ББ-ның  1-ші курс студенттері және топ кураторлары А.А.Курманалина, Д.Т.Шакеева қатысты.

Семинар  барысында Б.С. Абенова 2019-2020 оқу жылында ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұсынысымен 6В04102-«Менеджмент» білім беру бағдарламасында  «Адами ресурстарды басқару» траекториясы енгізілгендігін, оның нәтижесінде қазіргі менеджменттің даму трендтерін  ескеретін заманауи  пәндердің ұсынылғандығын,  департаменттің білім беру бағдарламасының серіктесіне айналуының нәтижесінде алдағы уақытта дуалды оқыту элементтерін енгізу, студенттерді өндірістік және оқу тәжірибесінен департамент базасында өткізу, «Мансап» мектебінің жобасы аясында түлектерді жұмысқа орналастыру шараларын ұйымдастыру мүмкіндігіне тоқталды.