Тимбилдинг

Қазан айының 23 күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында “Ұжымдағы өзара түсіністік және оның тиімділігі” тақырыбында тимбилдинг сайысы өтті. Сайыстың мақсаты ұжым арасындағы ауызбіршілікті қалыптастыра отырып, салауатты өмір салтын дәріптеу. Командалар бір-біріне қолдау көрсетіп, сайыс қызу тартыспен көңілді өтті.   Кеш соңында “Серпер” командасы алға шығып, жүлделі 1-ші орынға  ие болса, “Парасат” және “Сұңқар” командалары 2-ші және 3-ші орындарды бөлісті.  Университет ректоры Б.Ердембековтың «Алғыс хаты» және бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтарды кәсіподақ ұйымының төрайымы О.Сұлтанғалиева табыстады.