Студенттер Қазақстандық киноиндустрияны талқылады

«Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Қалабаева Перизат Серғалиқызы Құқықтану 205,309 топ студенттерімен жоспар бойынша кезекті ашық сабағын Zoom конференциясы арқылы өткізді. Ашық сабақ тәрбие мәселесіне қатысты тақырыптардағы фильмдер көрсетуді ұйымдастыру «Томирис», «Қуандық», «Тренинг личностного роста», «Аким» т.б фильмдер төңірегінде болды. Студенттер Қазақстандық фильмдердің үздік туындылары мен қазіргі кезде шетел туындыларынан қандай артықшылықтарға ие екендігі, еліміздегі сұранысы жоғары фильмдер және оның халыққа қандай тәрбие бере алатындығы туралы өз ойларын айтты.