Магистрантттар мен студенттер онлайн семинар-тренингке қатысты

2020 жылдың 14-30 қазан аралығында Қ.Жұбанов атындағы АРУ-дың «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары үшін  Өңіраралық медиация орталығы онлайн-семинар – тренинг өткізіліп, «Ақтөбе қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шара өткізу» тақырыбында жоба жүзеге асырылды. «Заң мектебі» жобасы аясында құқықтық профильдегі студенттерді оқыту және біліктілігін арттыру өтті. Біліктілікті арттырудан өткен студенттер еріктілер ретінде қатыса алады, халықтың әлеуметтік топтары үшін тұтынушылар құқығын қорғау саласында консультациялар жүргізе алады. Жоба нәтижесінде 10 студентке және 10 магистрантқа өте қызықты үй тапсырмаларын орындағанға, сонымен қатар белсенді қатысқан  үшін сертификаттар табысталды.