Университет басшылығымен кездесу өтті

«Экономика және құқық» факультетінің 1-4 курс студенттерімен онлайн кездесу кестесіне сәйкес 2020 жылдың қараша айының 10-да университет басшылығының  1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Бердыбаев Н.М., факультет деканы, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері  және топ кураторлары қатысты.

Кездесудің  мақсаты –  оқу үрдісінде туындаған мәселелерді талқылау, студенттер мен университет басшылығының арасындағы қарым-қатынастың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, пікір алмасу.

Кездесу барысында университет  проректоры  Бердыбаев Н.М. 2020-2021 оқу жылында төлемақысы бойынша берілген жеңілдіктер туралы, студенттердің жатаханамен қамтамасыз етілуі  туралы мәлімдеді.