Факультетте республикалық конференция өтті

2020 жылдың 20 қарашасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде  «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен  көрнекті экономист-ғалым, профессор Ү.С.Байжомартовтың 90 жылдығына арналған «Қазақстандық қоғамды модернизациялаудың экономикалық-құқықтық аспектілері: теория және тәжірибесі» тақырыбында Республикалық ғылыми конференция өтті. Конференцияға   on-line форматта   студенттер  мен  магистранттар,  жұмыс берушілер  өкілдері,  жергілікті  және  халықаралық  ғалымдар  қатысты – профессор А.П. Тяпухин (Ресей Ферерациясы)    профессор Машарский А.А. (Латвия), доцент   А.Р. Инятов (Өзбекстан). Секция бағыттары бойынша жұмыстар қорытындыланып,  қатысушыларға орындар мен номинациялар  марапатталды.