Ғылыми конференцияға қатысу

24.11.2020жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, з.ғ.к Смагулова А.С. еліміздің бір туар азаматы, заманыздың заңгері, ғұлама ғалым,академик С.З. Зимановтың 100 жылдық мерей тойына арналған  Батыс Қазақстан  М. Өтемісов атындағы университеттің тарих жəне құқықтану кафдрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ляззат Серіковнаның ұйымдастыруымен өткен ғылыми семинарға қатысып  «Қазақ қоғамындағы құқықтық көзқрастың  қалыптасуның негізін қалаушылар»  тақырыбында баяндама жасады. Академик С.З. Зимановтың мерейтойына арналған Ақтау қаласында өткен  ғылыми семинарға шағырылып «Салық Зиманов-тұлға,ойшыл,ғұлама» тақырыбында баяндама жасаған болатын.Бұл кездесу 19.11.2020 жылы өткен болатын. Республикалық деңгейде өткен осындай онлайн форматындағы кездесулерде еліне адал қызмет еткен  тұңғышзаңгер академиктің С.З. Зимановтың өмір жолы,ғылымға қосқан үлестері туралы студенттер мен магистранттарды таныстырып, болашақта осы игі істі жалғастыру  керектігі туралы пікірлер айтылды.