Литвалық мамандармен ынтымақтастық

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Витаутас Магнус университеті – Литваның Каунас қаласындағы жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес 08.12.2020 жылы «Құқықтану» кафедрасының оқытушыларымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Заң факультетінің деканы Томас Беркманас, оның  орынбасары Австрия Пасвенскиенің, заң ғылымдарының докторы, профессор Томас Версинскас халықаралық ынтымақтастық туралы  және  факультеттердің одан әрі ақпараттық өзара әрекеттесу мүмкіндіктері туралы айтты.