Спорт мектептерінің басшыларымен кездесу
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген төртінші реформа – сыбайлас жемқорлықсыз заңдылықты сақтау Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында 2021 жылдың 15 қаңтарында Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, “Құқықтану” кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Нұрутдинова және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досановпен бірге Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу рәсімімен таныстыру болды