Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат

ANTIKOR LIVE жобасы аясында 2021 жылғы 23 ақпанда Antikor ORTALIGI алаңында «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Айнұр Нұрутдинова және Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарованың қатысуымен тікелей эфир өтті. Осы жобаның мақсаты мемлекеттік құрылымдар қызметінің толық ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылау мақсатында азаматтар мен мемлекеттік органдар үшін тікелей эфирлер арқылы диалог алаңын құру болып табылады. Эфир тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР заңнамалық актілерінің соңғы өзгерістері мен толықтырулары аясында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелеріне арналды. Әдеп жөніндегі уәкіл Ризагүл Омарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, қызметтік әдеп нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алудың уақытылы және қажет екенін атап өтті. Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдар үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға, қызметтерге тыйым салу(туыстардың бір мемлекеттік органда немесе ұйымда жұмыс істеуіне тыйым салу) мәселелерін талқылады. Айнұр Нұрутдинова барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне “нөлдік” төзімділік атмосферасын құру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырды. Азаматтарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету, шағымдар, ұсыныстар, пікірлер және сыбайлас жемқорлық сипатындағы басқа да ақпарат мәселелері бойынша Агенттіктің Call – орталығына хабарласуға болады 1424.