Республикалық конференцияға қатысу

«Ғылым апталығы» аясында 6 сәуір 2021 жылы «Экономика және құқық» факультетінде дәстүрлі оқытушылар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XVІІ Республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Ұлттық экономика, басқару және құқық мәселелері» бағыты бойынша қазіргі таңдағы өзекті мәселелер мен қызықты тақырыптардағы ғылыми мақалалар тыңдалды. Секция жұмысы белсенді өтті,  ғалымдар, зерттеушілер  тарапынан  ғылыми  пікірлер, ұсыныстар  айтылды, нақты зерттеу сұрақтарына қатысты тұжырымдар жасалынып, қорытындыланды.