Факультеттің жетістігі

Факультеттің жетістігі

2017-2018 ж. қорытындысы бойынша «Экономика және құқық» факультеті   Қ.Жұбанов  атындағы  АӨМУ  факультеттерінің арасында 2 орынға  иеленді.

2018 жылы факультет    3 мамандығы бойынша мамандықтар  ашты.  Олар  – бакалавриат -5В051300 «Әлемдік экономика», магистратура  – 6М052000- «Іскерлік әкімшілік ету», 6М030100- «Құқықтану», 6М050900 «Қаржы»   және докторантура –  6D050600-«Экономика» мамандығы бойынша

Бакалавриат және магистратура мамандықтарының білім беру бағдарламалары – «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы», «Есеп және аудит» 2016 жылы  5 жылға  акредитациядан өтті.   2017 жылы бакалавриат және магистратура мамандықтары – «Менеджмент», «Маркетинг» және «Құқықтану» бағдарламалары 5 жылға  акредитациядан өтті.  Магистратура 6M051100 – «Маркетинг» мамандығы бойынша  2017 жылы  аккредитация  3 жылға беріледі.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Экономика және құқық» факультетінің деканы Аслан Тасмағанбетов «Жоғары  оқу  орының үздік оқытушысы – 2018» байқауының жеңімпазы атанды.  Жыл сайын еліміздегі ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы шығып, 2018 жылдың үздіктері анықталды.  Еліміздің 43 жоғары оқу орнынан  200 адам қатысты.

Оқу үрдісі. Оқу үрдісінде кредиттік жүйе мен интерактивтік әдістер қолданылады: оның ішінде мультимедиялар, интернет, электрондық оқулықтар мен бақылау бағдарламалары, аудио және видео материалдар. Факультет студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына, білім алушылардың білімін рейтингтік бақылауына және оқыту барысында компьютерлік технологияларды қолдануға бағытталған.

Факультет оқытушылары сабақ барысында студенттердің белсенділігін арттыру және оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру үшін келесі әдістерді қолданады: кейс-стади, ми шабуылы, топтармен жұмыс, жарыссөз, рөлдік ойындар.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы ғылыми журналдардағы, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардағы басылымдары бойынша, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие.  Көптеген жылдардың жұмыс нәтижесінде профессор-оқытушылар құрамы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген 30-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап баспадан шығарды. Олардың ішінде оқулықтар: «Нарықтық экономика негіздері», «Теоретическая экономика», «Жалпы экономикалық теория», «Менеджмент негіздері», «Основы менеджмента», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Общая экономическая теория», «Макроэкономика», «Институционалды экономика», «Инновациялық менеджмент», «Дәлелдеу теориясы», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» және т.б.

Ғылыми-педагогикалық байланыстар.

Бүгінгі таңда студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы аясында келесі алыс және жақын шетел  ЖОО-дарымен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісім-шарттар бар: 

  • Синьцзян қаржы-экономикалық университеті (Қытай).
  • Балтық халықаралық академиясы (Латвия).
  • Витаутас Магнус Университеті (Литва).
  • Ош мемлекеттік университеті (Кыргызстан Республикасы).
  • Башқұрт мемлекеттік университеті (Башкортостан Республикасы).
  • Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Башкортостан Республикасы).
  • Орынбор мемлекеттік университеті.
  • Туркия университеттері: Эйлюльдің 19 университеті.
  • Н.Г.Чернышев атындағы Саратов мемлекеттік университеті.
  • Университет Хаджеттепе (Анкара, Туркия).
  • Университет Сакария (Туркия).
  • Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (Атырау).
  • НАРХОЗ университеті.
  • М.Утемисов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал).
  • С.Баишев атындағы Ақтөбе университет (Ақтөбе).
  • Халықаралық бизнес университеті (Алматы).
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Туркестан).
  • С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен).
  • Атырау мұнай және газ институты (Атырау).
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
  • С.Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астан).
  • Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау).
  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы).
  • Л.Гумилев атындағы Еуразиялық  ұлттық университеті (Астана).
  • Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті (Караганды).
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы).
  • Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан агрорлық-техникалық университет (Орал).
  • Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Экономика және құқық факультеті қазіргі таңда келісім-шарт негізінде шетелдік жоғарғы оқу орындарымен белсенді түрде жұмыс атқаруда.

Жұмыс негізінен бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде:

  • академиялық ұтқырлық шегінде дәріс оқу мақсатында ғалымдарды шақыру,
  • академиялық ұтқырлық шегінде студент алмасу,
  • халықаралық конференция мен семинарларға қатысу,
  • тағылымдамалар,
  • ПОҚ біліктілігін арттыру.

23.01.2019  күні  Жұбанов университетінің конференц-залында университеттің Оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Әдістемелік жобалар -2019» байқауы қорытыланды.

«Әдістемелік жобалар – 2019» байқауының сараптау комиссиясының шешімімен 11 жоба байқаудың қорытынды кезеңіне өткен болатын. Жоба қатысушылары әріптестерін өздерінің білім беретін пәндері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерімен таныстырып, тәжірибе алмасты. Оқытушылар сабақ барысында пайдаланатын әдістерін интерактивті тақтада таныстырылым негізінде көрсете отырып, өз жобаларын қорғады.

Байқаудың қорытынды бойынша «Экономика және менеджмент» кафедрасының  аға оқытушылары Нұрсамал Сұлтамұратова мен Самал Тасмағанбетов алардың жобасы 1-орынға ие болды.  3-орынға «Мемлекеттік  басқару  және маркетинг»  кафедрасының  аға  оқытушы  Игильманова   Сауле  Ибадуллаевна   иеленді.

Профессор-оқытушылық құрам әрдайым студенттік ғылымға назар аударады. Экономика және құқық факультетінің ПОҚ студенттермен, магистранттармен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылады. Студенттердің, магистранттардың  ғылыми-зерттеу жұмыстары дербес және зерттеу жұмыстарының дағдыларын, сондай-ақ, ғылыми мақалалардың, мәтіндердің, репортаждың, интервью мен құжаттарды критикалық тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында шығармашылық тапсырмалар түрінде оқу үрдісіне енгізілуде. Кафедра оқытушылары оқу үрдісінде белсенді түрде рөлдік және іскер ойындарды, топтық және дербес оқу жобалар сияқты креативті оқытудың әдістерін қолданады. Барлық ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтардың қызметі оқитындар арасында ғылыми әлеуетін және дипломдық жобаларға топтарды мақсатты бағытталған дайындықты арттыруға бағытталған. Ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтардың мүшелері болып табылатындар ғылыми конференцияларға, конкурстарға белсенді қатысып, қала мекемелерінің өкілдерімен кездесулерді ұйымдастырады. Үйірмелердің барлық қызметі отырыстардың тиісті хаттамаларында көрсетілген және кафедраларында сақталады.

Факультет бойынша 7 ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар жұмыс жасауда.Олар:

  • э.ғ.к., аға оқытушы А.А.Курманалина, э.ғ.м., аға оқытушы М.А.Тлеубергенованың жетекшілігімен «ЭкоМен»ғылыми үйірмесі;
  • «Болашақ»ғылыми үйірмесі, жетекшілері Б.Ж.Болатова., Н.Б.Султамуратова, Ш.Т.Нургалиева.;
  • «Инноватор»ғылыми үйірмесі э.ғ.к., доцент А.Б.Тасмаганбетовтың жетекшілігімен;
  • «XXI ғасырдың мемлекеттік қызметшісі» ғылыми үйірме жетекшісі магистр, оқытушы Якудина Р.С.;
  • «Зерттеуші-маркетолог»ғылыми үйірмесі, э.ғ.к. Ж.К.Басшиева жетекшілігімен;
  • «Қаржы нарығының мәселелері»ғылыми үйірмесі, жетекші э.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Ахметова;
  • з.ғ.м., А.К. Нурлин жетекшілігімен «Фемида» ғылыми үйірмесі.

Оқытушылар  әртүрлі ғылыми мәселелерді шешу үшін студенттерді ынталандырады. Бұл іс-шараның нәтижелері студенттік конференцияларға, студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстарында көрнеді.  Факультеттің студенттер  арасында  республикалық пәндік олимпиадалардың, конкурстар мен жоғары оқу орындарының халықаралық конференцияларының жеңімпаздары бар.

Факультеттің студенттері университеттік, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздарын атап айтқанда 2018 жылы Phoenix командасындағы студенттер тобы «Үздік студенттік видео» номинациясы бойынша «Жас толқын» республикалық олимпиадасында 2 орын алды.

«Мансап» факультеттегі студенттер командасы Алматы қаласындағы 10-шы Республикалық студенттік олимпиадада 3 орынды иеленді. Бірінші дәрежелі Орал қаласындағы XVII Республикалық студенттік олимпиадасында «Мансап» командасы марапатталды.

«Есеп және аудит» мамандығының студенті Межанова Анастасия қаладағы (Башкортостан, Ресей) XV мемлекетаралық ғылыми-практикалық конференцияда ІІ орынға ие болды. «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының студенттері Медведева В.К., Бегеева Г.Ж. X Халықаралық студенттік ғылыми конференцияда студенттік ғылыми еңбегі үшін дипломдармен марапатталды – Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясында

«Құқық  тану»   мамандығының студенті Дартаева Алина үздік ғылыми жұмыс үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылдың 27-29 наурызында Орынбор мемлекеттік университетінің базасында өткен Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша факультет студенттері ғылыми жетістіктермен ерекшеленіп, 1 және 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1-дәрежелі диплом – Данияр Бегімов – 1-курс магистранты «Қазақстан Республикасында терроризм мен экстремизмге қарсы тұру әдістемесі» тақырыбында ғылыми жұмыс    үшін марапатталды

2-дәрежелі диплом – Раушан Смағұлова – «Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын біріктіру мәселесі» тақырыбында ғылыми жұмыстарға арналған  Ю-201 тобының студенті  және  оған  «Ресей Федерациясы Қылмыстық заңының құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі  жеңімпаз ретінде 1-ші дәрежелі диплом берілді

3 дәрежелі диплом – Ақерке Жұмабек және Ерсамат Қобланов – Ю-208 тобының студенттері «Қазақстанның көші-қон саясатының құқықтық негіздері» тақырыбындағы ғылыми жұмыстары үшін марапатталды.

23.01.2020 күні Жұбанов университетінің конференц-залында университеттің Оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Әдістемелік жобалар -2020» байқауы қорытыланды.

«Әдістемелік жобалар – 2020» байқауының сараптау комиссиясының шешімімен 10 жоба байқаудың қорытынды кезеңіне өткен болатын. Жоба қатысушылары әріптестерін өздерінің білім беретін пәндері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерімен таныстырып, тәжірибе алмасты. Оқытушылар сабақ барысында пайдаланатын әдістерін интерактивті тақтада таныстырылым негізінде көрсете отырып, өз жобаларын қорғады.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылар Ибрашева Алмагул және Шынар Нургалиева байқауға «Дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беруде дәріс пресс-конференция, брифинг әдістерін пайдалану» атты жобасын ұсынды. Байқаудың қорытынды бойынша аталған әдістемелік жоба 3-орынға иеленді.

Біздің  ниверситеттің  профессорлық-оқытушылық құрамы   мен қызметкерлері арасында 2019-2020 жылғы спартакиада қорытындылады

Спартакиада нәтижелері бойынша факультет «Оқ ату» бойынша ІІ-орынға және «Дартс»  бойынша ІІІ-орынға ие болды.

2020   жылғы   қараша  айында    экономикалық  мамандықтар    бойынша  «Экономика  және  бизнестегі  инновациялық  идеялар  мен   технологиялар»   атты  ХVIII Республикалық  студенттік  олимпиада   өткізілді.  Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Экономика және құқық» факультетінің «Синдикат» командасы III – орынға ие болды.