6М050900 – Қаржы
Шифр – оқу бағдарламаның атауы:
7М04104- “Қаржы”.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу үрдісі, мерзімі:
Күндізгі, 1-1,5 және 2 жыл.
Берілетін дәреже:
7М04104 -“Қаржы” оқу бағдарлама бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
Мамандықтың негізгі мақсаты келесідей салаларда білікті мамандар дайындау болып табылады:
қаржы бөлімдері, бизнес-компаниялар мен өндірістегі қаржылық басқаруда, қаржы ұйымдары (коммерциялық банктер, инвестициялық компаниялар, зейнетақы қоры, шағын несиелік ұйымдар және т.б), сонымен қатар аталмыш ұйымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистрлердің кәсіби қызметінің нысандарына келесілер кіріктіріледі:
ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, кәсіпорын мен ұйымдардың, бизнестік құрылымдардың өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-басқару, маркетингтік, қаржылық-сарапшылық қызметтері.
Кәсіби қызметінің пәні:
- Қаржылық категориялардың мәнін оқыту және олардың әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуде қолданылуы;
- Қаржылық саясаттың стратегиялық бағыттарын анықтау және олардың жүзеге асырылуында механизмдерді өңдеу;
- Қаржылық-экономикалық процестерін болжамдау, бюджеттеу, жоспарлау, қаржылық өзара байланысын ұйымдастыру дағдыларын меңгеру;
- Қаржы нарығына қатысушылардың есебін құрастыру;
- Қаржы ұйымдарының шетелдік тәжірибесін және олардың отандық тәжірибеге бағытталуы туралы оқу.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастыру-басқарушылық;
- жобалық-экономикалық;
- талдамалық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық.
Оқу бағдарлама бойынша бітіруші магистр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
ұйымдастыру-басқарушылық:
- бастапқы, нормативтік есеп құжаттарын дайындау;
- кірістер мен шығыстар есебін ұйымдастыру;
жобалық-экономикалық:
- қаржылық жоспарлау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
- жоспарлау құжаттамасының біріздендірілген жүйесін, экономикалық стандарттарды жасақтау;
- саудалық және сауда-делдалдық қызметтерді жүзеге асыру;
талдамалық:
- ақша қаражаттарын, тауарлық-материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды түгендеуді жүргізу;
- бизнес-жоспар талдау.
Практика базалары:
«АТФ Банкі» АҚ АФ, «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ АФ, Форте Банк» АҚ АФ, «Kaspi bank» АҚ АФ, «Фридом Финанс» ИК АФ, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Ақтөбе қалалық кірістер департаменті және т.б.