6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Шифр – оқу   бағдарламаның атауы:

7М04105 –Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2016 жылдың қараша айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агентігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу үрдісі, мерзімі:

Күндізгі: 1 жыл; 1,5 жыл; 2 жыл.

Берілетін дәреже:

7М04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару  оқу  бағдарлама  бойынша экономика және бизнес магистрі және экономика   ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы:

әлеуметтік ғылымдар және бизнес.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Қазақстан Республикасы Президентінің (ҚР) аппараты және әкімшілігі; ҚР Парламенті аппараты;  Қазақстан Республикасы Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономикалық және қаржылық басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);  жергілікті басқару органдары (облыс, қала, аудандар әкімшілігі) және атқарушы органдар аппараты;   ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б.болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

басқару, экономика, менеджмент, талдау, индикативті және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, өңірлік кәсіпорындар деңгейінде қаржылық – экономикалық шешім қабылдау.

Кәсіби қызметінің түрлері:

«7М04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» оқу  бағдарлама  бойынша магистрлер келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

ғылыми – зерттеу;   ғылыми – педагогикалық;  білім беру – педагогикалық;   ұйымдастырушылық – педагогикалық.

Практика базалары:

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» ММ; «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ; «Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, ЖШС «Альянс – Сити», ЖШС «CENTRAS INSURANCE», ЖШС «Ак-Руно», АҚ «Транстелеком», «Ақтөбе қалалық табыстар департаменті» ММ.