6В04106 – Маркетинг
Шифр – оқу бағдарламаның атауы:
6В04106 – Маркетинг.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылдың қараша айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агентігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл.
Берілетін дәреже:
6В04106 – Маркетинг оқу бағдарлама бойынша экономика және бизнес бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
Бизнес және басқару
Кәсіби қызметінің нысандары:
нарықтар (тауарлы, қорлы, ақпараттық; капитал, еңбек және т.б.), шаруашылық субъектілерінің маркетингтік мүмкіндігі; маркетингтік зерттеулер, тұтынушылар, тасымалдаушылар, делдалдар, байланыс аудиториялары, бәсекелестер, өндірістік және тұтынушылық бағыттағы тауарлар, қызметтер мен элементтерді өткізу (жарнама, қоғаммен байланыс, жеке байланыстар, өткізуді ынталандыру).
Кәсіби қызметінің пәні:
Маркетингтік зерттеу, Стратегиялық маркетинг, Маркетингті басқару, Маркетинг, Маркетингтік коммуникациялар.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- Ұйымдастырушылық және технологиялық қызметі;
- Өндірістік-басқарушылық қызмет;
- Ғылыми – зерттеу қызметі.
Практика базалары:
АҚ «Қазақтелеком», ЖШС «Рамазан», ЖШС «Ақтөбе нан», ЖШС «Дастан» (Hotel), Атамекен ҰКП.