6В04104 – Қаржы
Шифр – оқу бағдарламаның атауы:
6В04104 – Қаржы.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
«Қаржы» мамандығы бойынша 2016 жылдың қараша айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5жылға сәтті өтті (Куәлік 26.12.2016 бастап 25.12.2021дейін жарамды, Тіркеу номірі №1188).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В04104-Қаржы оқу бағдарлама бойынша экономика және бизнес бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
Бизнес және басқару
Кәсіби қызметінің нысандары:
6В04104-Қаржы мамандығы бойынша оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне салық департаменті, банктер, сақтандыру ұйымдары, қаржылық басқару органдары, жинақтаушы зейнетақы қоры, түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар, ломбардтар, кредиттік серіктестер, биржалар, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, инвестициялық қорлар жатады.
Кәсіби қызметінің пәні:
6В04104-Қаржы мамандығы бойынша:
- әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу экономикалық санаттарды пайдалану;
- қаржы-несие саясаты және оны жүзеге асыру механизмін даму стратегиясын анықтау бағыттары;
- дағдылық қаржылық қатынастарды ұйымдастыру, жоспарлау, бюджеттеу және қаржы-экономикалық процестерді болжау;
- қатысушылардың қаржылық есептілігін, сақтандыру нарығын дайындау;
- төлемдердің ақша-несие реттеуінің және балансының әдістемесін білу;
- қаржы институттарының халықаралық тәжірибесін зерттеу және ұлттық практикаға бейімдеу;
- келісім-құқықтық және өзге де құжаттарды құрастыру әдістемесін білу.
Кәсіби қызметінің түрлері:
6В04104–Қаржы мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- Ұйымдық-басқарушылық;
- Өндірістік-технологиялық;
- Жобалау;
- Ғылыми-зерттеу.
Практика базалары:
6В04104-Қаржы мамандығы бойынша АО «Kassa Nova» г.Актобе, АО «АТФ Банк» г.Актобе, АО ДБ «Сбербанк» г.Актобе, ТОО «Казмунайгаз» өнімдері по Актюбинской области, АО «Forte банк» г.Актобе, АО «Kaspi Bank» г.Актобе, ТОО «KMG» г.Актобе, Ақтөбе облысы мемлекеттік кірістер департаменті, АО «FreedomFinance» г.Актобе, ТОО «Бизнес Тандем» г.Актобе.