6В04201 – Құқықтану

Шифр – оқу бағдарламаның атауы:

6В04201 – Құқықтану.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже:

6В04201-Құқықтану мамандығы бойынша құқық бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Құқық

Кәсіби қызметінің нысандары:

Түлектің кәсіптік қызметінің нысаны болып әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси саласындағы құқық қолдану қызметіндегі:

  • заңи маңызы бар оқиға мен әрекеттер;
  • мемлекеттік институттар функционалдау саласында пайда болатын құқықтық қатынастар;
  • мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалары арасында пайда болатын құқықтық қатынастар.

Кәсіби қызметінің пәні:

Құқықтық нормалар; құқықтық маңызы бар оқиғалар мен іс-әрекеттер; мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызмет ету саласында туындайтын құқықтық қатынастар; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • мемлекеттік органдар мен мекемелердегі ұйымдастырушылық – басқару қызмет;
  • ішкі істер органдарындағы, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, сот органдары және т.б.
  • адвокат ретінде заң көмегін жүзеге асыру;
  • арнайы орта кәсіби оқу орындарындағы білім және педагогикалық қызмет.

Практика базалары:

Ақтөбе облысының Әділет департаменті; Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы; Ақтөбе облысының сот актілерін орындау департаменті; Ақтөбе облысының нотариаттық палатасы; Ішкі саясат Ақтөбе және т.б. басқару.