Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Факультеттің ең үлкен мақтанышы болып біздің түлектеріміз табылады. Қызмет етуі барысында институт сегіз мамандық бойынша бес мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярлады:

«Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Маркетинг», «Экономика және құқық негіздері».

Ең жақсы түлектеріміздің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жақта да белгілі. Біздің университетіміздің дипломы бар мамандар мемлекеттік, жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда, банктерде, қаржы-салық, сот, прокуратура органдарында, зейнеткерлік қорларда қызмет етеді. Олардың ішінде аудан әкімдері, ұлттық компаниялар, департаменттер басшылары, прокурорлар, банк, жеке кәсіпорындар директорлары, ғылым докторлары мен кандидаттары бар.

Факультетіміздің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, олар экономиканың әр түрлі салалары  бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде және бизнес аясында жұмыс жасайды. Олардың көпшілігі өз қызметінде биік шыңдарды бағындырып, біздің мақтаныштарымыздың қатарында:

Т.С.Шотанов – «Атамекен» АҚ вице-президенті;

В.М.Сухорученко – Ақтөбе облысы кәсіпкерлер ұлттық палатасының эксперті;

Р.Г.Байнаков – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

Н.Т.Раев – «Корпорация «Казахмыс» ЖШС-нің  басқарма төрағасының кеңесшісі;

Г.А.Курганбаева –экономика ғылымдарының кандидаты, MPA, аналитик, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU);

Д.Ахметов – экономика ғылымдарының кандидаты, «PSA» ЖШС-нің бас менеджері (Астана қ.);

Р.Б.Бектемир – Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы;

Р.Утешев – Арал ауданы әкімінің орынбасары;

З.М.Кульмаханова – «Казкоммерцбанк» АҚ Актөбе филиалы операциялық бөлімінің бастығы;

М.К.Елеусизов – Ырғыз ауданының әкімі;

К.Е.Аглешов – экономика ғылымдарының кандидаты, «Есеп ЛТД» ЖШС-нің аудиторлық компаниясының орындаушы директоры;

А.А.Махатов – Ақтөбе қаласы әкімшілік аппаратының қала инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бастығы;

Ж.Есенгалиева– Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім бастығы;

К.Хафизова – «Планета и мы» ЖШС-нің  директоры;

Г. Орысбаева және  А.Сметова ТНК “Казхром” АҚ-ның  менеджерлері және т.б.

Шотанов Толемис Садыкович – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары

Сагиев Айбек Игликович – «Нұр отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Данагулов Ербол Жеткергенович – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі

Қобландин Ғалым Сенбайұлы – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі

Елеусизов Мади Канатбаевич – Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының әкімі

Ермагамбетов Дархан Жанысханулы – начальник отдела торговли Департамаента предпринимательства и промышленности Актюбинской области.

Аймағамбетов Нұрбол Қалмырзаұлы – Ақтөбе облысы кәсіпкерлікті пен өнеркәсіпті  басқару өнеркәсібі бөлімінің басшысы

Кабыл Мадияр Рақымжанұлы – заместитель  акима города Актобе

Махатов Асылан Асылбекұлы – Ақтөбе қаласы әкiмiнiң аппаратында қала инфрақұрылымын дамыту бөлiмiнiң бастығы

Байнаков Рахмет – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

Раев Нурбек Турарбекович – «Корпорация «Казахмыс» ЖШС-нің басқарма төрағасының кеңесшісі

Жакенова А.С. – «Коммерческий центр ERG» ЖШС экономика жөніндегі
Басқарушы директор

Серик Ж.С. – руководитель Управления государственных доходов по г.Актау Департамента госдоходов по Мангистауской области.

Саркулов А.С. –  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының басқарма басшысы.