Студенттік өмір

Студенттік өмір

Факультеттің студенттері әртүрлі халықаралық және республикалық конференциялар мен байқауларға қатысады. Олар  тек қана кәсіби дайындықты игеріп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық өмірге де белсене араласады.

Факультеттің жастар комитеті әртүрлі олимпиадалар, КТК (КВН), мейрамдар, белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастырады. Факультетте әртүрлі пікірталастар, интеллектуалды ойындар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыратын интеллектуалды-дискуссиялық клубтар бар. Оқу процесіне өзін-өзі басқару элементтерін енгізу, жастардың мәдени-жалпылама және спорттық жұмысын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге атсалысу мақсаты болып табылатын студенттік деканат қызмет етеді.

Факультетте әрдайым студенттік пікірталастар мен әртүрлі спорттық турнирлер өткізіледі:   «Қаржыгерлер күні», «Заңгерлер күні», «Мемлекеттік қызметкерлер күні», «Бухгалтерлер күні», «Экономистер күні», «Студенттік өзін-өзі басқару күні», «Алтын күз» және т.б. мейрамдар атап өтіледі.

Студенттер декандарының қызметі студенттердің оқу үрдісіне деген қызығушылығын арттыруға, оқушылардың ішкі ережелерін сақтауға, әлеуметтік мәселелерді шешуге  бағытталған. Өзін-өзі басқару жүйесі студенттердің құқықтарын қорғау, бос уақытты ұтымды пайдалану, көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру, оларды топта жұмыс істеуге үйрету, осылайша жан-жақты, тәжірибелі маманның қалыптасуына үлес қосуда маңызды рөл атқарады.

Қоғамдық шаралар    жастар бойында     жауапкершілік сезімін оятып, жауапкершілікке тәрбиелейді. Нәтижесінде студенттер тек қана өз ісінің маманы болып қана қоймай, сонымен қатар өмірлік ұстанымдарының  да  көшбасшысы болады.

Талантты студенттерді, аз камтылған   отбасылардан шыққан студенттерді, мүгедектерді қолдау   мақсатында материалдық және моральдық ынталандыру шаралары қарастырылған.

Студенттік  өмірімен  танысу.

1.09.2022 ж. Экономика  және  құқық  факультетінің  мамандықтардың  1 курс студенттері: 6В04202 – Құқық  және құқық қорғау қызметі, 6В04201 –  Құқық  және  бизнес Қ.Жұбанов мұражайды аралады, Студенттерге қызмет көрсету орталығы, кітапхана, университет оқу залы, Конфуций орталығының жұмыстарымен танысты.