Мамандар мен бірге «Қонақ дәріс» өтті.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының практик-оқытушысы «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-нің «Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу» бөлімінің басшысы Н.К. Уралбаев «Болашақ» бағдарламасы негізінде Ұлыбритания елінде жүріп,  бүгін 14 сәуір 2021 жылы 5В050600-Экономика, 5В05070-Менеджмент, 5В051300-Әлемдік экономика, 7М04101-Экономика, 8D04101-Экономика ББ студенттері, магистранттары мен докторанттарына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Л.С. Ансабаеваның қатысуымен ZOOM платформасында онлайн түрде қонақпен дәріс өткізді. Дәріс барысында ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импорты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметі мәселелері қарастырылды. Талқыланған мәселелер студенттер мен магистранттар және докторанттар тарапынан қызығушылық туғызып, қонаққа сұрақтар қойылып, дәріске қатысушылар өзара пікір алмасты.