Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл…

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің  «Adal kómek» жобасы  шеңберінде  азаматтардың құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру және халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында антикор сервистік орталығында Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к., практик заңгер А. А. Смағұлов азаматтардың проблемалық мәселелері бойынша консультациялар өткізді. Бұл жобаны мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру барысында әр салалардың сарапшылары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамшылдар, заң факультеттерінің оқытушылары волонтерлік негізде қолдайды. Азаматтарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету, шағымдар, ұсыныстар, пікірлер және сыбайлас жемқорлық сипаттағы басқа да ақпарат алу үшін немесе мәселелерді шешу жағдайларында Агенттіктің 1424 Call-орталығына  хабарласуды сұраймыз.