6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
Шифр – оқу бағдарламаның атауы:
7М04105 –Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың қараша айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агентігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.
Оқу үрдісі, мерзімі:
Күндізгі: 1 жыл; 1,5 жыл; 2 жыл.
Берілетін дәреже:
7М04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару оқу бағдарлама бойынша экономика және бизнес магистрі және экономика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
әлеуметтік ғылымдар және бизнес.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Қазақстан Республикасы Президентінің (ҚР) аппараты және әкімшілігі; ҚР Парламенті аппараты; Қазақстан Республикасы Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономикалық және қаржылық басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (облыс, қала, аудандар әкімшілігі) және атқарушы органдар аппараты; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б.болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
басқару, экономика, менеджмент, талдау, индикативті және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, өңірлік кәсіпорындар деңгейінде қаржылық – экономикалық шешім қабылдау.
Кәсіби қызметінің түрлері:
«7М04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» оқу бағдарлама бойынша магистрлер келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
ғылыми – зерттеу; ғылыми – педагогикалық; білім беру – педагогикалық; ұйымдастырушылық – педагогикалық.
Практика базалары:
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» ММ; «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ; «Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, ЖШС «Альянс – Сити», ЖШС «CENTRAS INSURANCE», ЖШС «Ак-Руно», АҚ «Транстелеком», «Ақтөбе қалалық табыстар департаменті» ММ.