6В04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
Шифр – оқу бағдарламаның атауы:
6В04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың қараша айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агентігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В04105- Мемлекеттік және жергілікті басқару оқу бағдарлама бойынша экономика және бизнес бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
Бизнес және басқару
Кәсіби қызметінің нысандары:
Қазақстан Республикасының Президентінің (ҚР) аппараты және әкімшілігі; ҚР Парламенті аппараты; ҚР үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономикалық және қаржылық басқару(министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары(аудан, қала, аудандар) және атқарушы органдары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б. болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Басқару, экономика, менеджмент, талдау индикативті және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, өңірлік кәсіпорындар деңгейде қаржылық-экономикалық шешім қабылдау және т.б. болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- Ұйымдастырушылық және технологиялық қызметі.
- Өндірістік-басқарушылық қызмет.
- Жобалық қызмет.
- Ғылыми –зерттеу қызметі.
- Білім беру немесе педагогикалық қызмет.
Практика базалары:
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» ММ; «Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» ММ; «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ; «Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ.