Университеттің 85-жылдығына орай дөңгелек үстел

2020 жылдың қазан айының 2-ші жұлдызында Экономика және құқық факультетінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған «Экономика және заң кадрларын дайындаудың жаңа моделі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында өздерінің баяндамаларымен доцент, т.ғ.к. Алимпиева Т.Г., доцент, э.ғ.к. Курманалина А.А., магистр, аға оқытушы Сексенова А.Т. таныстырды. Дөңгелек үстелге факультеттің профессор оқытушылар құрамы қатысты.