Тікелей эфир

2020 жылдың 13 қазаныда «Құқықтану»  кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Нурутдинова және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері «Адалдық алаңы» телебағдарламасы эфирінің қонақтары  болды. Бағдарламаның  қатысушылары моральдық сана, мінсіз мінез-құлық, адамгершілік нормалар құндылықтарын іске асыруға ықпал ететін парасаттылық идеологиясын ілгерілету,  құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және оқу орындарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың басқа да тетіктерін талқылады. Сондай-ақ, спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша студенттер мен азаматтар агенттіктің 1424 Call-орталығына жүгіне алатынын, онда тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілетінін, шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайтынын атап өтті. Экономика және құқық факультетінде Заң орталығына немесе Әдеп жөніндегі уәкілге университеттің әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорына жүгіне алады.