Дөнгелек үстел – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім

2021 жылы 24 ақпанда Экономика және құқық факультетінде «Саналы ұрпақ» студенттер клубымен және «Құқықтану» ББ-нің студенттерімен бірге дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары  М.Ю. Калабаева П.С., Бердібаев Е.М., Тукешева А.  Ұйымдастырды.  Дөңгелек үстелдің мақсаты:  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін студенттер бойында адалдық,  парасаттылық, мәдениеттілік негіздерін қалыптастыру болып табылады. Университеттіміз бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы студенттер бойына сіңіріп жүрген “Саналы ұрпақ” клубымен тереңірек таныстыру. Сонымен қатар әлемдік озық мемлекеттердің сыбайлас жемқорлықпен күресу тәсілдері мен механизмдерін таныстыру арқылы елімізде қолданылуы мәселесі қарастырылды.