Ұйым мамандарына арналған тренинг

«НұрSeience» Жоғары ғылыми әдістемелік мектебі мен «U-STUDY» аймақтық тестілеу орталығының қызметкерлері үшін э.ғ.к., «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті А.А. Курманалина «Уақыт – сатып алуға болмайтын құндылық» атты тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты қатысушыларға тиімді уақытты басқару әдістерін үйрету болды.
Тренинг барысында келесі әдістер қолданылды: «Ресурстық шеңбер» әдісі, «Апта жоспарлау» әдісі, ABC жүйесі – басымдылықты анықтау әдісі, Эйзенхауэр матрицасы. Тренингке қатысушылар келесі жағдайларды талдау мен практикалық тапсырмаларды орындады: «Сынақ мерзімдері», «Уақытты ұрлаушыларды анықтау».

Топтың динамикасын арттыру, уақытты жоспарлау дағдыларын жетілдіру, топтағы міндеттерді бөлу, сындарлы қарым-қатынас жасау мақсатында тренинг барысында жаттығулар жүргізілді.

Ұсынылған әдістердің әрқайсысы ұйымдастырушылық жұмыстың бір бөлігін оңтайландыруға, ұйымдастыруға көмектеседі. Қолдану үшін арнайы құралдарды (тіпті компьютерді) қажет етпейтін бұл әдістер кез-келген жағдайда біздің міндеттеріміздің айқындығын сақтауға, уақытымызды оңтайлы және ұтымды пайдалануға көмектеседі.