Ғылым апталығы аясында олимпиада өтті

«Ғылым апталығы» аясында   5 сәуірде экономика  ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Курманалина мен магистр, аға оқытушы М.А.Тлеубергенованың ұйымдастыруымен 5В050600-Экономика, 5В050700, 6В04102-Менеджмент, 6В04107-Әлемдік экономика, 6В04108-Бизнес әкімшілік білім  бағдарлама студенттерінің арасында «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиада білім алушылардың пән бойынша білімдері мен дағдыларын бекітуге, сонымен қатар белсенділік, кәсіби экономикалық ойлау, логика, құзыреттілік, тапқырлық секілді кәсіби қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Олимпида 5 турдан тұрды. Бірінші тур пән бойынша тест сұрақтарын қамтыды.

2-ші турда қатысушыларға бір жауабы ғана дұрыс, төрт нұсқадан тұратын сұрақтар берілді. Мұнда қатысушылар мүмкіндігінше көбірек дұрыс жауаптарды жинау керек.

3-ші тур «дұрыс/дұрыс емес» терминдерінде тұжырымдарды бағалаудан тұрады.

4-ші тур бойынша есептер шығарылды.

Соңғы қорытынды сатыда қатысушыларға блиц-сұрақтар қойылды. Финалға шыққан қатысушылар қойылған блиц-сұрақтарға барынша жылдам жауап беріп, ұпай жинауы тиіс.  Пәндік олимпиада қорытындысы бойынша қазақ бөлімі  арасында 1-ші орынды 5В050600-Экономика ББ 3 курс студенті Демеуов Диас, 2-орынды 5В050600-Экономика ББ 3 курс студенті Ыбырай Іңкәр, 3-орынды 6В04108-Бизнес әкімшілік ББ 2 курс студенті Ерсайынова Айжан иемденді. Орыс  топтар  арасында 1орын Дузбаева Д, 2 орын Кенжибай А, 3 орын Кимашев Н студенттер  жеңіске  жетті.