Құқықтану кафедрасы – Кафедра тарихы

Құқықтану кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

1997 жылдың 01 қыркүйек айында Ректор бұйрығымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факкультетінде «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасы ашылды.

2001 жылдың 1 қыркүйек айында Ректор бұйрығы бойынша жаңадан ашылған заң факультетінде екі кафедра құрылды: «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедра меңгерушісі Шаяхметова Ж.Б., «Кеден ісі» кафедра меңгерушісі Сәрсенов А.С. және «Мемлекет және құқық теориясы» кафедра меңгерушісі Алимпиева Т.Г.

2003 жылы ректор бұйрығы бойынша «Азаматтық-құқықтық пәндер» және «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедралары құрылды.

«Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасын басқарғандар:

  • 2003-2004 жж. – Досмұханбетова Ардақ Амантайқызы;
  • 2004-2006 жж. – Смағұлова Асыл Смағұлқызы, з.ғ.к., доцент;
  • 2006-2009 жж. – Тлембаева Жанна Орынбасарқызы, з.ғ.к., доцент;
  • 2009-2011 жж. – Телибекова Ирина Меңдігерейқызы, з.ғ.к., доцент;
  • 2011-2012 жж. – Остапенко Инна Геннадьевна, з.ғ.к., доцент;
  • 2012-2015 жж. – Телибекова Ирина Меңдігерейқызы, з.ғ.к., доцент.

«Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасын басқарғандар:

  • 2003-2004 жж. – Шаяхметова Жанна Бекболқызы, з.ғ.к., доцент;
  • 2004-2005 жж. – Тулебаев Асқар Нұрлыбекұлы, аға оқытушы;
  • 2005-2006 жж. – Даирова Айнагүл Абатқызы, аға оқытушы;
  • 2006-2012 жж. – Нурлин Ақылбек Қылышниязұлы, з.ғ.к.;
  • 2012-2015 жж. – Кулушев Сейтқали Мақсұтұлы, з.ғ.к., доцент.

2015 жылы «Қылмыстық-құқықтық пәндер» және «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедраларының бірігуі себебінен «Заң пәндері» кафедрасы құрылды және кафедра меңгерушісі ретінде заң ғылыдарының кандидаты Исмаилова Бақытгүл Шайменденқызы тағайындалды.

«Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасын басқарғандар:

  • 1997-2001 жж. – Сәрсенов Алдар Сәрсенұлы, т.ғ.к, доцент;
  • 2001-2002 жж. – Тлепина Шолпан Валерьийқызы, з.ғ.к., доцент;
  • 2002-2011 жж. – Алимпиева Татьяна Геннадьевна, т.ғ.к, доцент;
  • 2011-2014 жж. – Қорықбаев Серікғали Ільясұлы, з.ғ.к.;
  • 2014-2015 жж. – Нурлин Ақылбек Қылышниязұлы, з.ғ.к.;
  • 2015-2016 жж. – Алимпиева Татьяна Геннадьевна, т.ғ.к, доцент.
  • 2015 жылы «Мемлекеттік-құқықтық» пәндер кафедрасы құрылды.

2017 жылы «Заң пәндері» және «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедраларының бірігуі себебінен «Құқықтану» кафедрасы құрылып, оны заң ғылымдарының кандидаты  Нурлин Ақылбек Қылышниязұлы басқарды.

Кафедра «5В030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша мамандар даярлайды, түлектерге «Құқықтану» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Мамандық бойынша оқу мерзімдері:

  • Жалпы орта білімі бар тұлғаларға  – 4 жыл;
  • Құқықтану саласы бойынша орта кәсіби білімі бар тұлғаларға – 3 жыл;
  • Жоғары заңгерлік емес білімі бар тұлғаларға – 2 жыл.

Кафедра «Құқықтану» мамандығының күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша білім алушыларға міндетті және арнайы пәндерден сабақтар жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген стандарттарға сәйкес университеттің білім беру бағдарламалары кредиттік жүйе негізінде жүзеге асырылады. Дүниежүзі бойынша қолданылатын кредиттік жүйе студенттің жеке тұлға ретінде дамуы үшін бағытталған. Студенттер «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР қылмыстық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы», «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Криминалистика» және т.б. пәндер оқиды.

Кафедраның барлық қызметі оқу жоспарлары мен бағдарламалары көмегімен білім деңгейін көтеруге бағытталған, дәрістік және тәжірибелік сабақтар іскерлік ойын, дебат, дөңгелек үстел және ғылыми семинарлар сияқты интербелсенді әдістерді қолданумен өткізіледі. Кафедрамен оқу лабораториясы (криминалистика кабинеті), оқу полигоны, оқу сот залы, заңи консалтингтік орталық құрылған.

Кафедраның негізгі міндеті – өз ісі мен қызметтік борышына жауапты қарайтын, әлеуметтік және мемлекеттік-құқықтық шынайылықты түсінуде заманауи әдістерге ие, ғылыми ақпаратты меңгеру және оны тәжірибеде  пайдалану дағдысы бар, іске шығармашылық тұрғысынан қарайтын және күрделі міндеттерді шеше алатын  жоғары білікті мамандарды даярлау.

Кафедра стратегиясы: Қазақстан Республикасының еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, кафедраның ғылыми потенциалын көтеру, болашақ заңгер-студенттерді оқытудың сапасын көтеру, кафедра жұмысының мамандандыруға, оқытуды дараландыруға бағытталған әдістерін жетілдіру.

Қазіргі таңда «Құқықтану» кафедрасы экономика және құқық факультетінің құрамына кіреді, 2016 жылдан бастап кафедраны заң ғылымдарының кандидаты Нурлин Ақылбек Қылышниязұлы басқаруда.

2021-2022 оқу жылында «Құқықтану» кафедрасында жаңа білім беру бағдарламалары пайда болды:

1.БАКАЛАВР  6B04202-Құқық  және  құқық  қорғау  қызметі

БЕРІЛЕТІН ДӘРЕЖЕ: Құқық бакалавры

2.БАКАЛАВР  6B04201  Құқық  және  бизнес

БЕРІЛЕТІН ДӘРЕЖЕ: Бизнес және құқық бакалавры

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы