Құқықтану кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Құқықтану кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Оқу процесі оқу жоспарымен кестесіне сәйкес құрылған сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кафедраның ұйымдық құрылымында университеттің ғылыми-әдістемелік жоспарына, факультет әдістемелік секциясының жоспарына сәйкес кафедраның әдістемелік секциясы жұмыс жасайды. Жыл сайын факультет   пен кафедра деңгейінде әртүрлі әдістемелік семинарлар өткізіледі. Кафедрада оқытушыларымен жұмыс-оқу бағдарламаларына сәйкес жасалған оқу-әдістемелік материалдары негізінде барлық сабақтар сырттай және күндізгі оқу бөлімдерінде жүргізіледі.

Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі сапалы оқыту үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап береді. Ағымдағы ұйымдастыру және қорытынды білім бақылау жоспарын оқу процесімен бірге жүзеге асырады. Оқу маусымы аяқталысымен аттестациядан өту коллоквиумдар, қорытынды емтихандар және тағы басқа түрлерінде өтеді. Емтихандарды қабылдау компьютерлік тестілеу түрінде жүзеге асырылады.

Кафедра соңғы жылдары оқу әдістемелік базасын және әдістемелік негізін заманауи технологиялардың оқыту жоспарын енгізді. Кафедраның профессор-оқытушы құрамы сабақ өткізуде әртүрлі белсенді әдiстерді қолданып отырады және өздерінің сабақ беру әдістерін арттыру үшін әртүрлі әдістемелік семинарларға қатысады. Кафедраның профессор–оқытушылар құрамы өздерінің әдістемелік біліктіктерін арттыру үшін арнаулы біліктілікті арттыру институттарында семинарларға қатысады.

Кафедраның тәжірибелік базасы:

  • Ақтөбе облысының Әділет департаменті;
  • Ақтөбе облысының Ішкі саясат департаменті
  • Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
  • Ақтөбе облысының сот актілерін орындау департаменті;
  • Ақтөбе облысының нотариаттық палатасы;
  • Ішкі саясат Ақтөбе және т.б. басқару.

Ғылыми зерттеу жұмыстары кафедраның негізгі бағыттағы жұмыстары болып табылады. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жоспарға сәйкес жүргізіледі.Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында өткізілетін шаралар Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ және басқа ұйымдар ұйымдастырған халықаралық және республикалық конференциялардағы кафедра секция жұмысы, дөңгелек стөл, ғылыми семинар, сонымен қатар  он-лайн және т.б. түрінде жүргізіледі – «Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ТМД елдерінің ұлттық экономикаларының инновациялық дамуының стратегиялық аспектілері». Қ.Жұбанова; «Сыбайлас жемқорлықпен күрес: құқықтық аспект, тәжірибе, қоғамның қатысуы», «Қазақстан жастар съезі мемлекеттік қызмет мектебі» халықаралық ғылыми конференцияларына және т.б.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері ҚР БжҒМ журналдардағы, периодикалық баспаларда, сонымен қатар шетелден, теоретикалық және тәжірибе бағыттары бойынша халықаралық және республикалық конференциялар қатысу нәтижесінде жинақтар, дөңгелек үстелдер және ғылыми семинарларда қатысумен мақалалар жарияланды.

Ғылыми зерттеулердің теоретикалық және тәжірибелік нәтижелері базалық және элективтік пәндерді оқыту барысында және олар бойынша оқу-әдістемелік кешендерді құрастырумен  оқу процессіне еңгізіледі.  Сонынмен  қатар     зерттеу жұмысының нәтижелері ҚР БҒМ ККНМ журналдарында, алыс және жақын шет елдерді қоса алғанда, мерзімді басылымдарда, теориялық және тәжірибелік бағытта халықаралық және республикалық конференцияларға қатысу нәтижелеріне жинақтарда, дөңгелек үстелдерге және ғылыми семинарларға қатысуға мақалалар жариялау түрінде сынақтан өткізіледі. .

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына, олардың ішінде дөңгелек үстел, диспуттар, дебаттарда, сонымен қатар он-лайн, қатысуына ерекше көңіл бөледі. Азаматтық, қылмыстық құқықтық мәселелер бойынша студенттердің дипломдық жұмыстарына ғылыми жетекшілік жүргізеді.

perspektivnyi-plan

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы