«Жеңіс үшін мың алғыс!»

4 мамыр күні Экономика және құқық факультетінде «Құқықтану» мамандығының Қ-203, Қ-403 топтары мен топ кураторы Ж.Б. Досовтың ұйымдастыруымен 9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Жеңіс үшін мың алғыс!» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара мақсаты студенттерге Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру; Отан үшін жан қиған жерлестердің, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында студенттерге ҰОС туралы бейнеролик көрсетілді, топ студенттері өздерінің ардагер аталарымен таныстырды. Сонау 1941 жылы Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңестік халықты дүр сілкіндірген еді. Қазіргі кездегідей бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлағанын біз ешқашан ұмытпауымыз қажет. Шараға қонақ ретінде факультет деканатының өкілдері және Құқықтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Барлығымызға келе жатырған Жеңіс күні құтты болсын!!!