Студенттерге стипендия тағайындалды

2020 жылдың 27-ші қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиын барысында АҚ «СНПС-Ақтөмұнайгаз»  АҚ, департамент директорының орынбасары, қалалық маслихат депутаты Утегенов Ардак Садакбаевич экономика және құқық факультетінің студенттері Исимова Наркызға және Достанғалиев Жайыққа стипендия табыстады.

Сонымен қатар, Меценаттық қызметті жүзеге асырып жүрген тұлғаларға Университет ректоры Б.Ердембековтың «Алғыс хаты» табысталды.